Павлодарда саябақтарға автоматтандырылған суару жүйелерін енгізу тапсырылды
Бұл технология суды үнемдеуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс орталығында жалпы облыстық тазалық марафоны басталды. Саябақтар мен скверлерді, аулаларды тазалау үшін аймақтың барлық қалалары мен аудандарының тұрғындары шықты. Марафонға облыс әкімі Асайын Байханов та қосылды.
Сенбілік кезінде Павлодарда теміржол көпірі ауданына 120 түп қарағай отырғызылды. Асайын Байханов биолог Татьяна Пономаревамен облыс орталығын көгалдандыру және ағаштарды суару мәселесін талқылады. Облыс әкімі қала басшысы ретінде барлық саябақтар мен скверлерде автоматтандырылған суару жүйесімен айналысқанын атап өтті. Тамшылатып суару әдісі қазір қаланың үш саябағында жұмыс істейді.
– Ағаштардың өмір сүруі сапалы күтіммен тікелей байланысты, ал бұған адами факторды алып тастау арқылы қол жеткізуге болады, – деп есептейді облыс әкімі. – Әрине, тамшылатып суару арзан емес. Бірақ, кем дегенде тамырлардың қоректенуіне, ағаштардың нығаюына, өсуіне кепілдік беріледі.
Асайын Байханов жасыл желектерді суару әдісін өзгертуді және қаланың барлық саябақтары мен скверлерінде, ағаштарды жаппай отырғызу орындарында автоматтандырылған суару жүйелерін енгізуді тапсырды. Бұл технология үлкен аумақтарға ағаштар отырғызуға, суды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Биолог облыс әкіміне көгалдандыру бағдарламаларына ағаштарды емдеу туралы тармақты енгізуді тапсырғаны үшін алғысын білдірді.
– Көктемде әлсіреген ағаштарға дұрыс қарау, оларды қоректендіру, өңдеу өте маңызды, – дейді Татьяна Понамарева. – Көптеген шыршалар жәндіктерден зардап шекті, сондықтан оларды да қорғау керек. Егер әкімдіктер тендерлік тапсырмаларға ағаштарды емдеуді енгізсе, онда біз оларды диагностика әдістемелерімен және өсімдік ауруларымен күресу алгоритмімен қамтамасыз етеміз.
Сондай-ақ биолог күзде қаладағы ауру және кеуіп қалған ағаштардан санитарлық тазартуды, олардың орнына жаңаларын отырғызуды ұсынды.
Сенбілік кезінде қала тұрғындары мен коммуналдық қызметтер Шарбақты көпірінің жанындағы стихиялық қоқыс үйіндісін жойды. Көптеген көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары өз аулаларын ретке келтіріп, шай мен тәттілер ұсынып, мереке ұйымдастырды.
Естеріңізге сала кетейік, өңірдегі тазалық марафоны бір айға созылады.