Павлодарда саяси партиялар ынтымақтастық жоспарларын әзірлеуде

Облыс әкімінің орынбасары Айгүл Мәлікованың төрағалығымен кездесу өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының мәліметінше, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар арасындағы өзара іс-қимыл жоспарларын әзірлеуге бағытталған жиынға саяси партиялардың жетекшілері қатысты.
Іс-шара барысында партия жетекшілері мемлекеттік бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру, инфрақұрылымды дамыту және бизнесті қолдау мәселелері бойынша ынтымақтастық бағыттарын айқындады. Айгүл Мәлікова стратегиялық әріптестіктің маңыздылығын атап өтіп, бірлескен жұмыстың кешенді тәсілі халықтың қажеттіліктеріне жедел жауап беруге мүмкіндік беретінін жеткізді.
– Жақсы құрылымдалған өзара іс-қимыл жоспарлары өңірдің тұрақты дамуының кепіліне айналып, маңызды жобаларды жүзеге асыруға көмектеседі, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Кездесу қорытындысы мемлекеттік органдар мен саяси күштер арасындағы әріптестік байланыстарды нығайтуға негіз болады.