Павлодарлық студент қазақ тілін қалай үйреніп жүргенін айтып берді
Ол ұлттық жобаға қатысу арқылы жаңа жетістіктерге шабыт алған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Әлкей Марғұлан атындағы мемлекеттік педагогикалық университетінің 1-курс студенті Данил Дзюба жастар арасында тарихи естеліктер мен ұлттық бірегейлікті нығайтуға бағытталған «Бір ел» тарихи-танымдық жобасының қатысушысы атанды.
«Жастар Ассамблеясы» қоғамдық бірлестігінің белсендісі Данил Дзюбамен бірге Түркістан облысына қызмет көрсету және тамақтандыру колледжінің студенті Амира Испулғанова, Б.Ахметов атындағы педагогикалық жоғары колледжінің студенті Айман Мукарам және Торайғыров университетінің студенті Эльдар Захаров.
– Мен үшін бұл сапар еліміздің бай мәдени мұрасымен көбірек танысуға мүмкіндік беріп қана қоймай, мені жаңа жетістіктерге шабыттандырды. Жоба аясында жинақталған тәжірибе менің өміріме қатты әсер етті, – дейді Данил Дзюба.
Жобаға қатысушылар үшін ғылыми конференциялар, форум, экскурсиялар, интеллектуалды ойындар ұйымдастырылды. Барлық іс-шаралар қазақ халқының тарихына, мәдениеті мен салт-дәстүріне, сондай-ақ Қазақстан тарихында із қалдырған маңызды оқиғалар мен тұлғаларға арналды.
– Мен қазақ тілін мектепке барған кезден бастап үйреніп келемін, біздің мұғалімдер өте мықты болды. Бұл сапар мені қазақ тілін үйренуге құлшынысымды одан сайын шабыттандыра түсті, – дейді Данил Дзюба.
Данил Дзюбаның айтуынша, ол Достық үйінде өз еркімен қазақ тілін үйренуде. Жас жігіттің мақсаты – мемлекеттік тілде еркін сөйлеу.