Павлодарда саяжай мен монша өртенді

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 маусымда сағат 21:43-те «Яблонька» бау-бақшасында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына өрт сөндірушілер дереу жетті.
– Кірпіштен жасалған саяжай үйі мен моншаның ағаш конструкциялары жанып жатқаны анықталды. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт сағат 22:39-да толығымен сөндірілді, – деді департаментте.
Өрт көрші ғимараттарға таралып үлгермеді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала мәліметтер бойынша, өрт пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу себебінен шықты.
ТЖД қызметкерлері пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады: мұржаларды күйеден үнемі тазалап, жанып жатқан пештерді қараусыз қалдырмаңыз. Жанғыш сұйықтықтарды пайдаланбаңыз және пештің жанында тек жанбайтын материалдарды ұстаңыз.