Павлодарда сенбілік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Павлодарда сенбілік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Аудандық тауар өндірушілер арзан бағамен өнімдерді сатады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. 

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, Павлодарда 6 желтоқсанда Торговая көшесі, 2А құрылысы мекенжайында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда.

Жәрмеңкеге Аққулы, Ертіс, Тереңкөл, Успен аудандарының және Павлодар қаласының тауар өндірушілері қатысады.

Сенбі күндері осындай жәрмеңкелер Екібастұз, Ақсу қалалары, сондай-ақ облыстың 10 ауданында ұйымдастырылады.