Павлодарда шертпе күйдің үздіктері бақ сынасты

Павлодарда шертпе күйдің үздіктері бақ сынасты
Фото: Білім беру басқармасының инстаграм парақшасынан

«Күй шебері – 2025» облыстық байқауы ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында ұлттық өнерді дәріптейтін «Күй шебері – 2025» облыстық байқауы өтті. Бұл шара жас дарындарды анықтап, қазақ халқының дәстүрлі күй өнерін насихаттауға бағытталды.

Жас таланттар төкпе және шертпе күйлерін орындап, өз өнерлерін паш етті. Байқауға аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары қатысты. Әр аудан мен қаладан екі, ал облыстық білім беру мекемелерінен бір қатысушы іріктелді. 

– Қатысушылардың орындаушылық шеберлігі, әртістік қабілеті, қолдың дұрыс қойылымы, сахналық бейнесі және орындау мәнері бағаланды, – деді Оқушылар сарайында.  

Қазылар алқасына облыстық балалар музыка мектептерінің педагогтері мен мәдениет саласының мамандары енді.

«Күй шебері – 2025» байқауы ұлттық өнерді жаңа буынға насихаттап, жас орындаушылардың шығармашылық әлеуетін шыңдауға мүмкіндік берді.