Павлодарда шетелдіктер ХҚКО-дан жеке сәйкестендіру нөмірін ала алады
ЖСН Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына жүгіну және банк шоттарын ашу үшін қажет болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ЖСН алу үшін бейрезиденттерде өздерімен бірге латын әліпбиіне көшірілген паспорттың нотариалды куәландырылған көшірмесі болуы қажет. Егер бұл шетелдік төлқұжат болса, аударым талап етілмейді.
– Көрсетілетін қызметті алушының өкілінен нотариалды куәландырылған сенімхат түзету енгізу кезінде қажет. Жеке сәйкестендіру нөмірін басқа елдің азаматы болып қалу арқылы алуға болады және ол тұруға ықтиярхат, азаматтық болып есептелмейді. Шетелдіктер үшін ЖСН куәлігін беру мерзімі тек бір жұмыс күнін құрайды. Павлодар облысында шетелдік азаматтарды Павлов көшесі, 48 мекенжайы бойынша қабылдайды, – деді баспасөз қызметінде.
Айта кетейік, ХҚКО жұмыс күндері 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Кезекші ХҚКО азаматтарды жұмыс күндері сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, сенбі күндері сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін қабылдайды. Тұтынушылар «Мобильдік ХҚКО» қосымшасы, eGov mobile, ЕgovKzBot2.0 телеграм-боты, eGov электрондық үкімет порталы және бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөмірі арқылы ХҚКО-ға кезекті алдын ала брондай алады.