Павлодарда сынып жетекшілерінің форумы өтті
Оған 300-ден астам педагог қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Сынып жетекшісі: сенім, эмпатия, коммуникация» форумына сынып жетекшілерінен басқа мектеп директорлары мен меңгерушілері, психологтар мен әлеуметтік серіктестер қатысты.
Ж.Тәшенев атындағы мектепте өткен шараның пленарлық бөлімінде қатысушылар сынып жетекшісінің оқушыларды тәрбиелеудегі рөлін, бірыңғай тәрбие бағдарламасын әзірлеуді, сынып жетекшісінің сыныппен, ата-аналармен өзара іс-қимылын, педагогикалық шеберлікті арттыруды талқылады.
Шараға педагогика ғылымдарының кандидаты, Павлодар облысы бойынша білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы АҚ филиалының директоры Роза Әшімбетова, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері, "Үздік педагог" республикалық конкурсының иегері Жанар Жақсылықова, №7 мектептің директорының орынбасары Молдасапар Шыңғыс Мықтыбайұлы, "Қазақстан Республикасының Білім беру ісін дамыту" республикалық бірыңғай білім беру бағдарламасы", №24 мектептің сынып жетекшісі Рамиль Смайылов қатысты.
Пікірталастар М.Әлімбаев атындағы мектептегі диалог алаңдарында да өтті. Онда қатысушылар жаңа жұмыс әдістемелерін, сынып жетекшілеріне өз кәсібінде одан да табысты болуға көмектесетін тиімді стратегиялар мен құралдарды қарастырды.
– Алаңда мектеп директорларының орынбасарлары сынып жетекшілеріне көмек ретінде бағдарламалар әзірледі. Үш алаңда сынып жетекшілері сынып сағаты туралы ережені, сынып жетекшілеріне көмектесетін интерактивті қосымшаларды әзірледі. Сынып сағаттарының тақырыбын және оларды өткізудің инновациялық формаларын, оқушылармен жұмыс істеу үшін психологтардың шеберлік сыныптарын талқылады, - деді ұйымдастырушылар.
Форумда мемлекеттік білім беру стандарттары мен пәндік бағдарламаларды іске асыру, тәрбие жұмысын ұйымдастыруды жақсарту бойынша ұсыныстар айтылды.