Павлодарда славян мерекесі аталып өтті

Павлодарда славян мерекесі аталып өтті
Фото: Достық үйінен

Дәстүрлі фестиваль румын-молдова «Буковина» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен өткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Фестивальдің көркемдік жетекшісі және «Буковина» ҚБ-нің төрағасының орынбасары Александра Мурзинаның айтуынша, славян мерекелерінің бірі «Красная горка» ежелгі наурызға ұқсас.

Бұл – көктем мен қайта жаңару мерекесі. Мерекеге «Красная горка» деген атты халық қойған. «Красный» «әдемі» дегенді білдірсе, «горка» сөзі халықтық мерекелер аталып өтетін жерлерді білдіреді. 

Достық үйіндегі мереке фойеде қолданбалы көрме арқылы басталды. Қолөнер шеберлері тоқыған орамалдар, ойыншықтар мен тұмарлар, білезіктер, қуыршақтар, қауырсын суреттер, кәдесыйлар, киіз үй, киізден жасалған түйреуіштер көздің жауын алды.

Сондай-ақ, өз қолыңмен жасауға болатын Пасха көгершіні мен қарапайым тауық жұмыртқасын өнер туындысына айналдырған лазерлік кескіштің нәзік жұмысы келушілерді таң қалдырды. 

Оған қоса, көрермендерді удмурт отбасы самауыр шайға шақырды. Мұндай вокалды-хореографиялық қойылымды  Қанат Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің тәрбиеленушілері сахналады. 

Гусли аспабы концерттерде жиі ойналмайды. Ал, олардың нәзік дыбысы осы іс-шараның сәніне айналды. 

Сонымен қатар, сахнада этномәдени бірлестіктердің вокалдық және би ұжымдары бір-бірін алмастырып, әдемі өнер көрсетті. Ақсудан республикалық фестивальдердің лауреаты, орыс әндерінің халық хоры келді.

Шара түрлі номинациялардың лауреаттарына дипломдар табыстаумен аяқталды.