Павлодарлық студент тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы қысқаметражды фильм түсірген
Монтаждау нейрожелі арқылы жасалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Торайғыров университетінің шәкірті Масим Оганезов «Soprano» атты қысқаметражды фильм шығарған. Оның сөзінше, жұмысқа жарты жыл уақыт кетті. Ол «Unreal Engine 5» қозғалтқышына негізделген ойын компьютерінде жұмыс істеп, кадрларды Adobe Premier Pro-да және нейрондық желінің көмегімен жасады. Кинокартинаны дауыстау үшін адам дауыстарын қоса отырып, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдаланған.
– Фильм психеделика жанрына жатады және тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбына арналған. Ол басты кейіпкердің таңдауы туралы баяндайды. «Soprano» – бұл толығымен авторлық жұмыс, – деді фильм авторы.
Қысқаметражды фильмнің сюжеті екі уақыт аралығы арасында өрбиді. Бірінші уақыт кеңістігінде кейіпкер барлық күнәлары үшін жауапқа тартылады. Екінші бөлігінде ол тірі адамдардың арасында емес, тек өзінің естеліктері арасында серігімен бірге жүретінін аңғарады. Саяхатшы оған кейіпкердің ұзақ уақыт бойы өзінен жасырған шындықты көрсетуге тырысады.