Павлодарда спортшы отбасы 300 мың теңге ұтып ала алады

Павлодарда спортшы отбасы 300 мың теңге ұтып ала алады
Фото: pexels.com

 Байқау 10 қыркүйекте ашық алаңда көңілді старттар форматында өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«New vision team»  қоғамдық қорының мәліметінше,  «Әкем, анам, мен – дені сау отбасы» спорттық-отбасылық байқауына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды. 

– Бұл байқаудың мақсаттарының бірі салауатты өмір салтын насихаттау және отбасылық қатынастарды нығайту болып табылады, – делінген хабарламада. 

Байқауға 35 жасқа толмаған ата-аналарының бірі және команда құрамында 5 жастан 13 жасқа дейінгі бір баламен қатыса алады. Байқау қорытындысы бойынша іс-шараның барлық қатысушылары дипломдармен марапатталады, ал 1,2,3-орын иегерлері дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Жалпы жүлде қоры 300 мың теңгені құрайды.  

Байқау 10 қыркүйекте ашық  алаңда көңілді старттар форматында өтеді. Жарыс үш кезеңнен тұрады. 

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 8 қыркүйекке дейін nvt_kz@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда 8(777)680-77-41 нөмірі арқылы хабарласып білуге болады.