Павлодарда стилист дұрыс киім таңдауды үйретеді
Маман дұрыс гардероб таңдауға көмектеседі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жастар бастамаларын дамыту орталығында «Негізгі және негізгі емес гардероб» тақырыбында стилист-имиджмейкер Әсел Жұмағазиева шеберлік сағатын өткізеді.
Маман кездесу барысында көрермендерге мінсіз көрінуді үйретіп қана қоймай, гардеробтың барлық мүмкіндіктерін ашады.
Шеберлік сағаты 30 қаңтар күні сағат 11:00-де Жастар бастамаларын дамыту орталығында ұйымдастырылады.