Павлодарда стритболдан жарты миллион теңге сарапқа салынады
Жарыс қалада алғаш рет өтетін LOWKZ MEET автофестивалі аясында ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, 5 қыркүйекте Ertis Pavlodar ипподромында стритболдан 3×3 турнирі өтеді. Жарыстың жүлде қоры 500 мың теңгені құрайды.
Турнир LOWKZ MEET ауқымды автофестивалінің бағдарламасына енгізілген. Іс-шара сағат 13:00-ден 21:00-ге дейін жалғасады.
Сонымен қатар фестивальде PlayStation-да FIFA 2026 турнирі ұйымдастырылады. Оның да жүлде қоры – 500 мың теңге.
Келушілер автокөліктер көрмесін тамашалап, экшн-аймақтарға, спорттық және ойын-сауық белсенділіктеріне қатыса алады. Музыкалық бағдарлама да қарастырылған.
Фестивальге кіру тегін. Стритболдан 3×3 турниріне қатысу мәселесі бойынша 8 702 999 70 13, ал FIFA 2026 турниріне қатысты 8 771 644 70 37 нөміріне хабарласуға болады.