Павлодарда «STUDENT MEDIA FORUM 2023» шарасы өтеді

Павлодарда «STUDENT MEDIA FORUM 2023» шарасы өтеді

Оған еліміздің 20-ға жуық жоғары оқу орындарының студенттері қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Торайғыров университетінің мәлімдеуінше,  республикалық медиа-шара екі күнге яғни 28-29 сәуір күндеріне жоспарланған. Оған еліміздің 20-ға жуық жоғары оқу орындарының студенттері «KAZMADIANET-WORK қазақстандық медиа желісі» қоғамдық бірлестігінің басшысы Бақтыгүл Бурбаева және PR-стратег, коммуникациялар жөніндегі жаттықтырушы Ақерке Берлібайдың тренингтеріне қатысады. Сонымен қатар, форум қонақтары «Лосось №1» желісінің және «American Dream» пиццериясының негізін қалаушы Денис Манафовтың, «Бірінші «Еуразия» арнасының жүргізушісі, сөз сөйлеу және Шешендік шеберлік бойынша жаттықтырушы Вероника Вишневскаяның, «Astana TV» телеарнасының Павлодар облысы бойынша меншікті тілшісі, ақын Өзгеріс Қуанар мен digital-media маманы және тәлімгер Ажар Аманжолова тәжірибесімен бөліседі.

Сонымен қатар, SMF аясында «ToU Arbat» өтеді. Ол ертең сағат 16:00-ден 21:00 аралығында өтеді. Кіру тегін.

- Оның бағдарламасында жанды музыка фестивалі, гараж сатылымы, КТК, студенттік филармонияның театрландырылған қойылымдары, ұтыс ойыны, дискотека және т.б. бар. Студенттерді жаңа таныстар, әлеуметтік желілерде керемет ынтымақтастық мүмкіндігі күтеді, - делінген хабарламада. 

Сондай - ақ, форум алаңында экологиялық акция яғни ЖОО аумағында ағаш отырғызу жоспарлануда.