Павлодарда жеке үйлердің ауласын су басып қалды
Су құбырында ақаулар пайда болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Су басқан аулалар туралы Парковая көшесіндегі бірнеше жеке үйдің тұрғындары әлеуметтік желіде айтып, шағымданды. Жарияланымдағы жазбаларда қала тұрғындары түроі мекен-жайларды атауда. Мәселен, бір жерде су жертөлеге кіріп кетті десе, енді бір жерде гаражды басып қалды деген.
"Павлодар-Водоканал" ЖШС аталған жағдайға түсініктеме берді:
- 5 маусымда суқұбырында бірнеше жерде жарылыс болды. Жылудың жоғарылауына байланысты суды тұтыну артқан. Желілердегі су қысымы төмендеп, салдарынан ескі желілер шыдай алмады. 22:30-да желілердегі екпіннің жартысынан көбі жойылып, сумен жабдықтау қалпына келтірілді. Қалған мекенжайлар бойынша жұмыс зақым толық жойылғанға дейін жүргізілетін болады, - делінген хабарламада.
Серіктестік жөндеу жұмыстарының нәтижелері туралы 6 маусымда өзінің Instagram парақшасында хабарлайтынын айтты.