Павлодарда субұрқақтарды іске қосу басталды

Павлодарда субұрқақтарды іске қосу басталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

10 сәуір күні ауа райының қолайлы болуына байланысты субұрқақтарды ертерек қосуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қала әкімі Хасар Хабылбековтың айтуынша, әдетте субұрқақтарды 15 сәуірде қоса бастайды. Биыл ауа райы ерте қосуға мүмкіндік беріп отыр.

– Қазіргі уақытта қалалық мәдениет үйі мен Аймауытов атындағы драма театры жанындағы субұрқақтар іске қосылды. Сапаржай мен музыкалық колледж аумақтарындағы субұрқақтар қосылу сатысында. Барлығы кезең-кезеңімен жүргізілуде. Қосу бойынша ешқандай мәселе жоқ, – деді қызмет көрсетуші ұйым.

12 сәуір күні Сәтпаев пен Ломов көшелері бойындағы субұрқақтар іске қосылады. Қазір бригадалар бірнеше саябақтағы субұрқақтарды жөндеуде, соның ішінде «Айналайын» саябағындағы субұрқақ та бар. Қала әкімі жөндеу жұмыстарын мамыр мерекелеріне дейін аяқтауды тапсырды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Хасар Хабылбеков (@khassarkhabylbekov)