Павлодарда тұрғын үйде болған өрт сөндірілді
Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 қараша күні сағат 18:00-де М.Жүсіп көшесіндегі тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер 90 шаршы метр аумақтағы төбе жабындысында болған жалынды толықтай сөндірді. Оқиға кезінде зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіруге 3-ӨСБ-нің 15 қызметкері мен 4 техника бірлігі жұмылдырылды.