Павлодарда тұрғын үйден есірткі притоны табылды (ВИДЕО)

Павлодарда тұрғын үйден есірткі притоны табылды (ВИДЕО)
Фото: Константин Шелков

Тінту барысында күдіктінің үйінде есірткі заттарын тұтынуға арналған барлық айғақты заттар тәркіленді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің жедел қызметкерлері тінту іс-шаралары барысында тұрғын үй-жайда жедел қызметкерлер шприцтерді, бос құтыларды, күйе іздері бар ыдыстарды, сондай-ақ есірткіні пайдалану үшін қолданатын өзге де заттарды тауып, тәркілеген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Организация (@dp_pavlodar)

–  Заңсыз есірткі мен заттарды бірлесіп пайдалану үшін нашақорларға өз тұрғын үйін жүйелі түрде берді деген күдікке ілінген 37 жастағы Павлодар қаласының тұрғынын анықтады. Күдікті Павлодар қаласы полииця басқармасы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, – деді Павлодар облысы ПД   ЕҚҚКБ бастығының міндетін атқарушы Арсен Айғазин.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 297-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 

Айта кетейік, Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігі ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес азамат соттың шешімі заңды күшіне енгізілгенге дейін  кінәсіз  деп есептеледі