Павлодарда тамақ пісірген ер адам құтқарушыларды әбігер қылды

Павлодарда тамақ пісірген ер адам құтқарушыларды әбігер қылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оқиға орнына 3-ӨСБ, 4-ӨСБ күштері мен құралдары тартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, барлығы 16 қызметкер және төрт техника жұмылдырылды.

– Амангелді көшесіндегі көпқабатты үйде жанған иіс шыққаны туралы хабарлама түсті. Жедел келген өрт сөндірушілер барлау және пәтерді аралау кезінде пәтерлердің бірінде иесі пеш үстінде  тамақ қалдырып, ұйықтап қалғаны анықталды, – деді департаментте.

Ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 410-бабы бойынша жауапқа тартылды. Ведомствода өрт қауіпсіздігі шараларын сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.