Павлодарда тамырлы хирургия бөлімшесі басқа ауруханаға ауыстырылды

Павлодарда тамырлы хирургия бөлімшесі басқа ауруханаға ауыстырылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұйрық 16 маусымда шығарылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Ангиографиялық қондырғыны бөлшектеуге байланысты және төменгі аяқтың ишемиясы бар науқастарға шұғыл көмек көрсету мақсатында облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығына сәйкес № 1 Павлодар қалалық ауруханасының тамырлы хирургия бөлімшесі облыстық кардиологиялық орталығына ауыстырылды. 

Айта кетейік, № 1 қалалық ауруханасында 2002 жылдың ақпан айында 25 төсек орынға жайылған тамырлы хирургия бөлімшесі ашылған болатын. Бөлімшенің негізгі мақсаты – тамыр ауруларымен түскен науқастарға жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету. Бөлімшенің алғашқы жылында тамырлы хирургия  бөлімшесінде тамырға қиын реконструктивті операциялар жасалды. Тамыр аурулары кезінде жасалатын операциялар жылдан жылға көбейді. Жұмыс барасында зерттеудің жаңа әдістері енгізілді. Ішперде қолқасының окклюзивті аурулары, ішперде қолқасының аневризмасы кезінде және тамыр жүйесінің аурулары мен тамыр жарақаттары кезінде реконструктивті операциялар жасалды.