Павлодарда трамвай өткелдері жаңартылуда
Жөндеу жұмыстары Назарбаев даңғылы мен Торайғыров көшесі қиылысында жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Д.Д.Махмудов атындағы Павлодар қаласының трамвай басқармасы мәлімдеді.
– Қала әкімі Хасар Хабылбековтің тапсырмасы бойынша Павлодар қаласында трамвай өткелдерінде асфальт төсеу және плиталарды ауыстыру жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта ең көп жүктеме түсетін учаскелерде яғни Назарбаев даңғылы мен Торайғыров көшесі қиылысында жұмыстар атқарылуда, - делінген хабарламада.
Жаңартуды қажет ететін учаскелердің қатарында Назарбаев — Естай өткелі де бар. Ол соңғы рет шамамен бес жыл бұрын жөнделген.
Сонымен қатар, трамвай желілері бойындағы қоршаулар ретке келтіріліп, олар жуылуда.
Жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram