«Ертіс орманында» заңсыз бес қарағай кесілді

«Ертіс орманында» заңсыз бес қарағай кесілді
Фото: Константин Шелков

Ол айыппұл төледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары «Браконьер» жедел профилактикалық іс-шара  барысында  табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 47 фактісін анықтады. Оның ішінде: 30-ы заңсыз аң аулау, 13-і балық аулау ережелерін бұзу фактісі. Заңсыз ағаш кесу және аңшылық қаруды сақтау, тасымалдау ережелерін бұзудың екі фактісі анықталды.

– «Ертіс орманының» Бауыртал орманшылығы ерекше қорғалатын аумағында заңсыз ағаш кесу фактісі анықталды. Ер адам қарағай тұқымының бес ағашын кескен. Құқық бұзушы жауапқа тартылды. Оған 150 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – деді облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қуаныш Мұстафинов.

Сондай-ақ, полицейлер заңсыз ауланған 50 келі балық ресурстарын, құқық бұзушылықтың екі құралын – шынжырлы ара мен айып тұрағына қойылған бір автокөлік құралын тәркіледі. Жалпы үш миллион теңгеге айыппұл салынды.