Павлодарда трамвайлардың жайлылығы мен сенімділігі тексерілді

ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы трамваймен жүріп, қызмет сапасын бағалады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласына жұмыс сапары аясында Сатыбалды Дәулеталин қалалық трамвай шаруашылығының жұмысымен танысты.
Федерация төрағасы «Қазақстан алюминийі» АҚ бағыты бойынша трамваймен жүріп өтіп, күн сайын жүздеген жұмысшы тасымалданатын көліктің жайлылығы мен сенімділігіне назар аударды.
Алғашқы кәсіподақ ұйымының төрайымы Аида Жаналиева трамвай басқармасындағы кәсіподақтың негізгі жұмыс бағыттарын таныстырды. Сонымен қатар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен көлік қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Нелли Каримова ұжымның әлеуметтік әл-ауқатын жақсартудағы кәсіпорын басшылығының рөлін атап өтті.
Сапар соңында Сатыбалды Дәулеталин трамвай шаруашылығы қызметкерлеріне алғысын білдіріп, олардың жұмысы жоғары кәсібилікті, тәртіп пен іске адалдықты талап ететінін атап өтті.