Павлодарда трамвайларға қосымша вагондар қосылады

Өзгерістер келесі аптадан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық «109» байланыс орталығының мәліметінше, 15 қазанда бағбандар маусымының аяқталуына байланысты трамвай қозғалысы кестесіне өзгерістер енеді.
Атап айтқанда, №3 бағыт бойынша екі вагон, №4 бағыт бойынша бір вагон жүреді. Ал №6 және №7 бағыттарына қосымша үш вагоннан қосылады.