Павлодарда тротуарды тұраққа айналдырғандар жазаланды
Жыл басынан бері 400-ден астам жүргізуші тұрақты дұрыс таңдамағаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Тәртіп сақшылары кейбір жүргізушілердің трортуарларға, қоғамдық көлік аялдамаларына автокөліктерін қойып, басқа көліктер мен жолаушыларға кедергі келтіретінін айтуда.
- Тұрғын үйлер ауласында автотұрақты пайдалану да ережелермен реттеледі. Басқа көліктердің қозғалысын бөгемеу және арнайы техникаға арналған орындарды бос ұстау қажет. Жыл басынан бері 400-ден астам жүргізуші тұрақты дұрыс пайдаланбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мысалы, Естай көшесінде Hyundai Tucson автокөлігін тротуарға қойып, тұрғындардың еркін өтуіне кедергі жасаған жүргізуші анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – делінген хабарламада.
Полицейлер қала тұрғындарына құқық бұзушылықтың куәсі болған жағдайда «102» нөміріне хабарласуды немесе «Заң және тәртіп» мобильді қосымшасын пайдалануды, Instagram арқылы direct @dp_pavlodar парақшасына жазуды сұрайды.