Павлодарда тұрғындарды электр энергиясымен сенімді қамтамасыз ету мәселесі көтерілді

Павлодарда тұрғындарды электр энергиясымен сенімді қамтамасыз ету мәселесі көтерілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Әсіресе қолайсыз ауа райы жағдайларында бұл мәселе өзекті болып отыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ бас директоры Олег Щемель аудандық электр желілері басшыларымен кездесу өткізді. 

Маусым айында нөсер жаңбыр мен дауылды жел аймақ инфрақұрылымына айтарлықтай залал келтірді. Электр беру тіректерінің зақымдануына, электр жабдықтарының істен шығуына әкеліп, нәтижесінде облыстың әртүрлі аудандарында жарық өшулер тіркелді.

– Қолайсыз ауа райы кезінде электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары – өте күрделі міндет. Бұл – бүкіл команданың кәсібилігі мен үйлесімділігін сынайтын нағыз сынақ, – деді «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ бас директоры Олег Щемель.

Кездесу барысында технологиялық ақауларды азайтуға, қолайсыз ауа райы кезінде әрекеттерді үйлестіруді жақсартуға және өңірлерде электр энергиясының өшу уақытын қысқартуға мүмкіндік беретін ұйымдастырушылық және техникалық шаралар белгіленді.

Сонымен қатар аудандық электр желілері басшылары Олег Щемельмен өз бөлімшелеріндегі өзекті мәселелерді, соның ішінде жалақы және Павлодар облысының аудандарында бар 65 бос орын мәселесін талқылады.