Павлодарда ТЖД қызметкерлері радиациялық-химиялық қауіпсіздікке үйретті

Жеке құрам төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл тәртібін, қорғаныс құралдарын қолдану ережелерін және радиациялық-химиялық қауіпсіздік негіздерін меңгерді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің №99225 әскери бөлімінің базасында радиациялық-химиялық қорғау желісі бойынша оқу сабақтарын өткізді.
– ТЖД мамандары жеке құрамды радиациялық және химиялық қауіпсіздік негіздерімен, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл тәртібімен, сондай-ақ жеке қорғаныс құралдарын пайдалану ережелерімен таныстырды, – деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Тәжірибелік пысықтау қатысушыларға ықтимал техногендік оқиғалар жағдайында іс-әрекетке дайындығын арттыруға және дағдыларын бекітуге мүмкіндік берді.