Павлодарда тұрғын үйлердің 60 пайыздан астамы ыстық сумен қамтылған
Қала әкімі гидравликалық сынақтардан кейінгі жөндеу жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалада орамішілік және магистральдік желілердегі гидравликалық сынақтардан кейін анықталған зақымдарды жою жұмыстары жалғасуда.
Бұл туралы шаһар басшысы Хасар Хабылбеков өзінің Instagram парақшасында жазды.
– Жөндеу жұмыстарының барысын тексердім. Бүгінгі таңда 1300 көп қабатты тұрғын үйдің 790-ы ыстық сумен қамтылған. Қалған 510 үйге ыстық су әлі берілмеді. Оларды 10 қыркүйекке дейін ыстық сумен қамтамасыз етеміз. Бұл мәселені жеке бақылауда ұстаудамын, – деді қала әкімі.
Естеріңізге сала кетейік, гидравликалық сынақтар, яғни желілерді уақытылы тексеру – алдағы жылыту маусымының қауіпсіз өтуі үшін қажетті шара.