Ақсуда көшпенділердің «Жеті қазына» шағын ойындары өтті
ERG компаниясының қолдауымен «Туған қала» әлеуметтік жобасы аясында қала тұрғындары мен ауылдық округ тұрғындарына арналған «Жеті қазына» тарих және спорт фестивалі өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Туған қала» жоба орталығының кеңесшісі Эльмира Рамазанованың пікірінше, Ақсуда аталған фестивальді өткізу туралы идеяны қала тұрғыны Анна Савостяненко ұсынған. Оның бұл идеясы көпшілікке ұнап, қала тұрғындары мен демеушілер тарапынан қолдау тапқан, осылайша биылғы жылы жүзеге асырылған. Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдың алаңы уақытша қызықты әрі тартысты жарыстар аренасына айналды: садақ ату, асық ату, қазақ күресі мен ат спорты ойындары ұйымдастырылды.
– «Жеті қазына» ұлттық ойындар фестиваліне 200-ден астам адам қатысуда, – деп атап өтті Эльмира Рамазанова.
Түрлі түсті киім киген шабандоздар қазақ мәдениетінің алуан түрлілігін көрсетіп, жарысқа қатысушыларға ерекше көңіл күй сыйлады.
– Мұндай фестивальдер өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелейді, – дейді ERG «Еуро-Азия энергетикалық корпорациясы» АҚ бас директоры, энергетика бөлімінің бас операциялық директоры Дүйсен Мерғалиев. – Біз кәсіби спортшыларды, халықаралық деңгейде бақ сынап жүрген Азия ойындарының бірнеше дүркін жеңімпаздарын және әуесқойларды да шақырдық. «ЕЭК» АҚ қала құраушы кәсіпорындардың бірі болғандықтан, фестивальге біздің қызметкерлердің де қатысуын жөн көрдік, олар айтарлықтай спортпен жоғары деңгейде айналысады және біз оларды қолдаймыз.
Компания «Даланың жеті қазынасы» ұлттық ойындар фестивалін өткізуді ұсынған шараның бастамашысы Ақсу қаласының тұрғыны Анна Савостяненкоға қолдау көрсетті.
Осылайша, көшпенділер ойындары қатысушыларды да, көрермендерді де біріктіретін жарыс пен оқиға ғана емес, сонымен қатар қала құраушы кәсіпорын мен тұрғындардың ортақ азаматтық ұстанымының көрінісі болды.
– Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар дайындадық», – деп атап өтті Дүйсен Мерғалиев. – Демек, бірінші, екінші, үшінші орындар үшін тартысқа түсуге болады.
Оның айтуынша, жарыстарға сатып алынған спорттық құрал-жабдықтар ойындардан кейін болашақ чемпиондардың пайдалана алуы үшін спорт мектебіне берілген.
Естеріңізге сала кетейік, 28 тамызда бюджеті 120 миллион теңгені құрайтын «Туған қала» әлеуметтік жобасының инфрақұрылымдық жобалары мен іс-шараларына жаңа идеяларды қабылдау басталады. Қазылар алқасы мен азаматтар 2025 жылы Ақсу қаласын көркейте түсетін үш іс-шара мен тоғыз инфрақұрылымдық жобаны таңдауы керек.
Серіктестік материал