Павлодарда тұрғындардың кәріз жүйесін мақсатсыз пайдалануынан оның бітелуі жиілеген (ВИДЕО)
Осының салдарынан жертөлелерді су басады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласы тұрғын- үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәлімдеуінше, соңғы уақытта сыртқы кәріз желілерінің жиі бітелу мәселесі бойынша тұрғындардан шағымдар жиі түседі.
- Осыған байланысты бітелу себептерін анықтау бойынша мониторинг жүргізілді. Мониторинг көрсеткендей, көп жағдайда бітелулер пәтер иелерінің кәріз жүйесін мақсатсыз пайдалану нәтижесінде орын алады. Кәріздің сыртқы желілерін тазалау кезінде қатты-тұрмыстық және тамақ қалдықтары, жеке гигиена құралдары, шүберектер және т. б. бөгде заттар алынады, - делінген хабарламада.
Тұтынушылардан жертөле үй-жайларын су баспау үшін тұрғын үйдің кәріз жүйесін мақсаты бойынша пайдалануды сұрайды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram