Павлодар облысында екі шаруа қожалығына субсидия беруден заңсыз бас тартылды
Ауыл шаруашылығы басқармасы заңға сәйкес себептерін көрсетпей, өтінімдерді қарау мерзімдерін бұзды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы мемлекеттік қызмет істері департаментімен 2023 жылы жеке және заңды тұлғалардың 41 өтініші қаралды, оның 15-і бизнес өкілдерінен. Жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша 3930 бұзушылық анықталып, 66 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Көбінесе көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері мен тәртібін бұзуға жол береді, негізсіз бас тартулар береді.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының субсидиялар алу жөніндегі өтінімдерді қарау мерзімін бұзу және оларды беруден негізсіз бас тарту туралы екі өтінішін қарады.
– Осы шағым бойынша фермерлік шаруашылыққа нормативтік құқықтық актілерге сілтемелерді көрсетпей, бес рет дәлелсіз бас тартулар берілгені анықталды. Екінші жағдайда, өтініш берушіге төрт ай бойы Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ұсынылмады, яғни шаруашылық берген 78 өтінімді басқарма өңдемеді,– деді департаменте.
Жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы басқармасының атына ұйғарым енгізіліп, басқарма бөлімінің екі басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Өз кезегінде көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
– Сондай-ақ, қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінде мемлекеттік қызмет ала алмаған тағы бір кәсіпкердің өтінішін қарастырдық. Бөлім қызметкері ауыл шаруашылығы техникасын есепке қоюға өтінішті қабылдаудан заңсыз бас тартты, бұл қызмет тек электрондық форматта көрсетіледі,– делінген хабарламада.
Департамент осы жағдайға араласқаннан кейін, ережелерге сәйкес қызмет баламалы болып табылатындығы және оны бөлім кеңсесі арқылы да алуға болатындығы анықталды. Нәтижесінде қызметкер тәртіптік жазаға тартылды. Қызметті алушының құқықтары қалпына келтірілді.