Павлодарда тұрғындардың салғырттығынан өрт шықты

Төтеншеліктер өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау ережелері жайлы ескертеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 желтоқсанда сағат 04:10-да Толстой көшесіндегі көпқабатты үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
– Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер 1,5 шаршы метр аумақтағы қоқыс жәшігіндегі қоқыс пен бір шаршы метр алаңда қалдықтарды жинау камерасының есіктерінің жануын дер кезінде сөндірді, – деді департаментте.
Өрттің шығуына тұрғындардың отқа абайсыз қарауы себеп болған. Төтенше жағдайлар департаментінен 24 қызметкер мен төрт автоцистерна жұмылдырылды.