Павлодарда төрт автобус басқаша қатынайтын болады

Жолшылар жүргізушілерді өзгерістерді ескеруге шақырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, 17 маусымда Малайсары батыр көшесінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты № 11, 40, 41, 126 автобус маршруттарының қозғалыс сызбасына уақытша өзгерістер енгізілді.
Аталмыш автобус маршруттары Малайсары батыр көшесімен шығыстан батысқа қарай жүру кезінде Малайсары батыр – Российская – Щедрин – Қамзин және маршруттар бойынша қозғалысты жүзеге асыратын болады.
Кері қозғалыс өзгеріссіз қалады.