Павлодарда Виктор Цойдың әндері «Ertis Promenade» сахнасында шырқалады

Павлодарда Виктор Цойдың әндері «Ertis Promenade» сахнасында шырқалады

Концерт 5 шілде сағат 18:00-де басталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қала әкімдігінің қолдауымен «Ertis Promenade» сахнасында «Pulse Kino» тобының аты аңызға айналған хиттерден екі сағаттық ән кеші өтеді.

Бұл жолы топтың жаңа вокалисі Рүстеммен бірге өнер көрсетеді.

–   Бүгінде Рүстем ТМД елдерінде Виктор Цойдың әндерін орындаушылар арасында бірінші орында тұр. Рүстемнің соңғы батырмен сыртқы түрі де, дауысының тембрі де ұқсастығына таң қаласыз, – деп жазды Pulse Kino тобы Instagram парақшасында.