Павлодарда зағип жандар тенниспен шұғылдана алады
Ең бастысы– жоғары есту қабілеті мен шапшаң әрекет ету, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Спорт күніне орай «Жеңімпаз» теннис орталығында «Showdown keruen» атты фестиваль өтті. Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «Шоудаун соқырлар үстел теннисі федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.
Жүзбай Смағұлов 2022 жылы мүгедектігі бар адамдарға арналған үстел теннисі федерациясының негізін қалаған. 2017 жылы операциядан кейін көру қабілетінен айырылған.
– Еліміздің бес облысына автобуспен жолға шығып, осы үстел теннисін дамыту үшін керуен ұйымдастырып жатырмыз. Көз жанарынан мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Шоудаун» үстел теннисін республикамыздың 16 облысында филиалдар аштық, – деді Жүзбай Смағұлов.
Павлодардық теннис федерациясының басшысы Гималиден Каймульдиновтың айтуынша, өңірде «ерекше» теннис ойнағысы келетін адамдар бар.
– Бұл спорт түрімен қозғалысы шектеулі жандар өз қызығушылықтарын танытып жатыр. Ештеңеге қарамастан олар келіп, теннис ойнап жатады. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін белсенді іс-шаралар өте аз, – деді Гималиден Каймульдинов.
Бұл ойында бита, доп, қолғап, жарық өткізбейтін бетперде қолданылады. Мақсаты – битаның көмегімен допты қарсыластың қақпасына тигізіп алу. Екі таймда ең көп ұпай алған ойыншы жеңімпаз атанады.Теннисте арнайы допты береміз. Ішінде кварц құмы бар. Сондықтан қозғалыс кезінде дыбыстар естіліп тұрады.