Павлодарда зағиптар үшін цифрлық дағдыларды оқыту жобасы ашылды

Павлодарда зағиптар үшін цифрлық дағдыларды оқыту жобасы ашылды
Фото: https:pexels.com

Ол бір жыл бойы жұмыс істейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

«Қызыл Ай» қоғамы ҚБ Павлодар филиалы Азаматтық альянс үйінің базасында «Байерсдорф» компаниясы қаржыландыратын «Павлодар қаласында нашар көретіндерге арналған цифрлық дағдыларды оқыту орталығы» жобасымен таныстырды. 

Әлеуметтік жоба 2020 жылы Алматыда қаласында бастау алды. Бағдарлама нашар көретін және көзі көрмейтін адамдарды компьютерлік және цифрлық сауаттылыққа, қосымшалармен (онлайн-сервистермен) жұмыс істеуге және оқытуға бағытталған.  

– Қазіргі таңда оқуға сұраныс көп болғанымен, мұғалімдер жетіспейді. 18 жастан бастап қатысуға болады. Жазғы демалыс кезінде 9-11 сынып оқушылары да оқуға келеді деп жоспарлап жатырмыз. – дейді «Қызыл Ай» қоғамдық бірлестігінің әлеуметтік көмек департаментінің директоры Дана Бакиева.

Басшының айтуынша, жобада бір жарым айдың ішінде тұрақты қолданылатын телефон бағдарламалары арқылы өз бетінше төлем жасауды, коммуналдық қызметтерді төлеуге және халыққа қызмет көрсету орталығынан қызмет алуды үйренеді. Дәл сол уақыт аралығында компьютермен жұмыс жасауды меңгеруге болады.

Сондай-ақ, жоба аясында «Қызыл Ай» қоғамының еріктілері алғашқы көмек көрсету бойынша шеберлік сыныптарын, мәдени іс-шаралар өткізеді.

Айта кетейік, оқыту орталығы топта бес адамға дейін аптасына екі рет оқытады.