Павлодарда заң үстемдігін нығайтқан маманның еңбегі еленді
Ол бизнес өкілдерінің құқығын қорғау жолында нәтижелі жұмыс атқарды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің облыстық департаментінің аға прокуроры Шолпан Әбенова өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының Алғыс хатымен марапатталды.
– Шолпан Қайроллақызы өңірлік «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бизнестің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша белсенді түрде ынтымақтастық орнатып келеді. Жаңа жыл қарсаңында ол Кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбеновтің шешімімен осы жоғары марапатқа лайық деп танылды, – деді ӨКП баспасөз қызметі.
«Атамекен» ӨКП директоры өз хатында аға прокурорға заң үстемдігін қамтамасыз етуге қосқан белсенді үлесі, бизнес-қоғамдастықпен сындарлы өзара іс-қимылы және жоғары кәсібилігі үшін шынайы алғысын білдірді. Сонымен қатар Ерқанат Әбенов кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы маманның елеулі жеке үлесін ерекше атап өтіп, оның кәсіби қызметіне табыс пен жаңа жетістіктер тіледі.