Павлодарда заңгерлер трамвайда тегін кеңес береді

Павлодарда заңгерлер трамвайда тегін кеңес береді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қала тұрғындары нотариус, жеке сот орындаушысы және заң консультанттарына сұрақтарын қоя алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық Әділет департаментінің мәліметінше, 29 қыркүйек күні Павлодарда «Әділет кеңес береді» акциясы өтеді. Құқықтық көмек әдеттегіден бөлек форматта – қала көшелерімен жүретін трамвайда көрсетіледі.

Акция №5 айналма бағыттағы трамвайда ұйымдастырылады. Оған Әділет департаментінің қызметкерлері, нотариус, жеке сот орындаушысы және заң консультанттары қатысады.

Жолаушылар өздерін толғандырған құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес ала алады.

Трамвай 29 қыркүйек күні сағат 14:15-те Назарбаев көшесі бойымен жолға шығады.