Павлодарда ЖҚАЖ жауынгерлері кадеттермен кездесті

Павлодарда ЖҚАЖ жауынгерлері кадеттермен кездесті
Фото: Павлодар облысының полиция департаменті

Тәрбиеленушілерге қоян-қолтық күрес жүргізу дағдыларын және атыс қаруын көрсетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Республика күнін мерекелеу қарсаңында облыстық ЖҚАЖ жауынгерлері Фарид Қақабаев пен Ахметқалы Тезекбаев атындағы кадет сыныптарының тәрбиеленушілерімен кездесті.

– Полицейлер кадеттерге автоматтан бастап мергендік мылтыққа дейін атыс қаруын көрсетті. Жауынгерлердің қоян-қолтық күрес жүргізу дағдыларын көрсетуі балалардың ерекше ықыласына бөленді. Жауынгерлер күрес қимылдарын, соққылардан қалай құтылуға болатынын және полиция қызметкерлеріне шартты қылмыскерлердің күтпеген шабуылына төтеп беруді көрсетті, – деді облыстық полиция департаментінің баспасөз орталығында.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бөлімге қойылатын талаптар жоғары, сондықтан ЖҚАЖ жеке құрамының физикалық және атыс дайындығы өте жоғары деңгейде.

Сонымен қатар, қатысушылар Зевс есімді қызметтік иттің көрнекі қойылымын тамашалады.