Павлодарда жұма күні кейбір үйлерде су болмайды

Су құбырында ысырма мен келтекқұбырды ауыстыру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, осыған байланысты 7 наурыз күні сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін Радищев көшесіндегі жеке меншік үйлерде, Катаев көшесінен Н.Назарбаев даңғылына дейінгі аралықта, су беру уақытша тоқтатылады.
Ведомство қала тұрғындарынан қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.