Павлодарда жұмысшы мамандықтар жылына арналған іс-шаралар жоспары талқыланды

Павлодарда жұмысшы мамандықтар жылына арналған іс-шаралар жоспары талқыланды
Фото: автор

«Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қоры басшылығы жастар мен ҮЕҰ мүшелерімен кездесу ұйымдастырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Жастар бастамаларын дамыту орталығында жұмысшы мамандықтар жылына арналған іс-шарада кәсіби білім беру, жастарды жұмысқа орналастыру және осы саладағы даму мүмкіндіктерге қатысты іс-шаралар легі бойынша мәселелер ортаға салынды. Сондай-ақ, жиында мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері сөз сөйледі. Спикерлер өздерінің бастамаларын, жастарды қолдау бағдарламаларын назарға ұсынды. 

– 2025 жылдың маңызды оқиғаларының қатарында «Алюминий Қазақстан» қызметкерлерінің жұмысшы жастарына арналған «Білім ал» атты интеллектуалды квиз ойынын, облыстың түрлі салаларындағы мамандарды қамтыған «Әр дауыс маңызды» диалогтық алаңы, интеллект өнері бойынша қысқа мерзімді курстарды, бос орындар жәрмеңкесін атап өтуге болады. Ағымдағы жылы «Кәсіп жұлдызы» өңірлік конкурсы, «Үздік маман» облыстық конкурсы, «Жастарға жұмыс» жобасы іске асырылатын болады, –  дейді Жастарға қызмет көрсету орталығының басшысы Қабдраш Жандарбек.

Оның сөзінше, барлық жоспарланған іс-шаралар жастарға жаңа мүмкіндіктер жасауға бағытталған. Сонымен қатар, тамыз айында «Жасампаз» атты жұмысшы жастар арасында чемпионат ұйымдастырылады деп жоспарлануда.

 – Бүгінгі жиын – біз үшін маңызды. Себебі, қоғамдық қордың, оның міндеттерінің тұсаукесері болады. Мемлекет басшысы 2025 жыл –  жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Тиісінше біздің қордың негізгі міндеті –  азаматтарымыздың еңбек құқықтарын қорғау. Сондықтан биылғы жылы бірнеше үлкен іс-шаралар өткізілді. Іс-шарада 2025 жылға арналған жоспарымыз таныстырылады, – дейді «Әділдік және Өркендеу» ҚҚ басшысы Гүлнар Исенова.

Аталмыш қоғамдық қор қоғамдық даму ақпараты басқармасымен бірге жастарға биылғы жылы білім басқармасы, қоғамдық даму ақпараты басқармасы, жастар бастамаларын дамыту ресурстық орталығы тарапынан жасалатын барлық жоспарлар жайында ой өрбітті. Кездесудің көмегімен жастарға алдағы іс-шаралар  туралы хабардар етілді. 

– Жастар арасында жұмысшы мамандықтарын насихаттайтын боламыз. Ең бастысы, біздің жастарымыз жұмысшы мамандықтарына қызығушылық танытып, колледждерге, біздің өндіріске келгенін қалаймыз. Өйткені, Павлодар облысы – өнеркәсібі мен өндірісі, ауыл шаруашылығы жақсы дамыған бірегей облыс. Біздің барлық күш-жігеріміз ағымдағы жылы өндіріске білікті мамандардың, жастардың келуін қамтамасыз етуге бағытталатын болады, –  дейді қоғамдық қор басшысы.

Бүгінгі таңда еліміз бойынша бес жалпыұлттық жоба іске қосылды: қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау (тегін заңгерлік кеңес беру, қолдаушылар үшін тегін заңгерлік көмек), мектептегі тамақтану, автокөлік жолдарын салу және жөндеу, медициналық қызмет көрсету сапасына мониторинг жүргізу. 

Спикердің айтуынша, 2025 жылы адал емес жұмыс берушілердің тізілімі арнайы әзірленді. Онда әрбір азамат еңбек кодексінің 22-бабын бұзған жұмыс берушінің мәліметтерін жариялай алады. «Адал еңбек» порталында Қазақстанның еңбек дублистерінің онлайн кітабы ашылды. Кез келген қазақстандық Ұлы Отан соғысы кезінде еңбек еткен ата-аналары, ата-әжелері туралы әңгімелеп, бейнеролик ұсына алады. Кітапта ел мақтаныштары жайлы айтылады.

Сондай-ақ, аталмыш іс-шарада ұйымның стратегиялық серіктестері – «Аманат» кәсіподақтар филиалымен меморандум жасалынды.