Павлодарда жәрмеңке өтеді

Павлодарда жәрмеңке өтеді

Жәрмеңке Айманов көшесі, 46/1 мекенжайы бойынша ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің мәліметінше, жәрмеңке 19 сәуір күні сағат 10:00-нан 13:00-ге дейін жалғасады.

Тауар өндірушілері көкөністер, ет пен шұжықтардың, жұмыртқалардың, сүт және тағы басқа өнімдердің кең ассортиментін әлеуметтік бағамен ұсынады.