Павлодарда жаңа заманауи мектептің құрылысы аяқталды

Білім ордасында 1200 бала біліммен сусындайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, Достық шағын ауданында 1200 орынға арналған заманауи білім ордасының құрылысы аяқталды. Қыркүйек айында бұл жаңа мектеп алғаш рет оқушыларын қарсы алмақ.
Мектеп — қаладағы оқушы орындарының тапшылығын шешу мақсатында облыстағы «Келешек мектеп» бағдарламасы аясында іске асқан алғашқы ірі құрылыс.
Білім ордасы 0–4-сыныптар — 5 параллельмен, 5–9 және 10–11- сыныптар — 4 параллельмен жалпы 70 сыныпты қамтиды және жалпы орта білім берудің барлық сатыларына бейімделіп жобаланған.
Білім ордасы қазіргі заман талаптарына толық сай келетін заманауи оқу жабдықтары мен жиһаздармен қамтамасыз етілген. Жаңа мектеп тек әлеуметтік мәселені шешіп қана қоймай, оқушылар үшін қауіпсіз, жайлы әрі технологиялық жағынан толық жабдықталған ортаны ұсынбақ.