Павлодарда жалпыұлттық коалицияның филиалы ашылды

Павлодарда жалпыұлттық коалицияның филиалы ашылды
Фото: Захар Шишко

Оның құрамына партия филиалдарының жетекшілері, үкіметтік емес ұйым өкілдері, депутаттар, сарапшылар және қоғам қайраткерлері енді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум күні 15 наурыз болып белгіленді. Конституцияның негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында елде «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты жалпыұлттық коалиция құрылды. Ол қоғамның қоғамдық-саяси күштерін біріктіреді.

Аймақтық коалицияның кеңсесі «AMANAT» партиясының облыстық филиалы ғимаратында орналасқан. Штаб жетекшісі қызметіне облыстық мәслихат төрағасы Илья Теренченко бірауыздан ұсынылды.

Облыстық коалицияның жалпы саны 100-ден аса адамды құрайды. Илья Теренченконың айтуынша, коалиция құрамына мәслихат депутаттары, ұйым басшылары, партия жетекшілері, сарапшылар және қоғам өкілдері енеді. Ерекше назар жастарға аударылады.

– Барлығымыз облыстық коалиция жұмысына белсенді қатысамыз. Басты міндетіміз – әр тұрғынға конституциялық реформаның мәнін жеткізу, маңыздылығын жеткізу, – деді Илья Теренченко. 

Коалиция мүшелері облыстың барлық қала және ауылдарын аралап, жаңа Конституцияның негізгі бағыттарын түсіндіруді жоспарлап отыр.

Жұмыс кестесі мен қоғамдық кеңестердің жоспары бекітілді. Ұйымдастырушылар бұл істің жауапкершілікпен атқарылатынына сенімді, өйткені басты мақсат – Павлодар облысының әр тұрғыны алдағы саяси реформаның маңызын түсінуі.