Павлодарда жануарлар дүкенінен өрт шықты
![Павлодарда жануарлар дүкенінен өрт шықты](https://pavlodarnews.kz/uploads/images/202308/image_750x_64c90890c9e79.jpg)
Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
- 1 тамыз күні сағат 14:45-те «Живой мир» дүкенінде түтін шығып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына 5 техника мен 22 қызметкер аттанды, - делінген хабарламада.
Өрттің шығуына сымдардағы қысқа тұйықталу себеп болған. Салдарынан дүкенді түтін басқан. Өрт сөндірушілер келгенге дейін тілсіз жау оқшауланған.
Айта кетелік, жануарлар зардап шеккен жоқ.