Павлодарда жас домбырашыларға қос домбыра сыйланды

Павлодарда жас домбырашыларға қос домбыра сыйланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мұндай сыйлыққа «Тоғыз перне» жас домбырашылар үйірмесінің екі шәкірті ие болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

«Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы орталығының мәліметінше, М.Жаманбалинов атындағы балалар кітапханасында өткен ұлттық аспапты ұлықтау іс-шарасында «Ақ жол» ҚДП Павлодар облыстық филиалы Ұлттық домбыра күніне орай қос қоңыр домбыра сыйлады. 

Партия филиалы төрағасының орынбасары Гүлмира Мерсайқызы құттықтау тілегін айтып, ансамбльдің жас күйшілері – Әйгерім мен Нұрасылға ақжолдықтар атынан домбыра аспаптарын тарту етті. 

Іс-шараға «Шаңырақ» орталығы басшысының орынбасары, «Ақ жол» партиясының белсендісі Айбек Оралхан қатысып, игі іске демеуші болған «Мойылды» шипажайы басшылығына алғысын жеткізді.