Павлодарда жауын-шашын болмайды

Павлодарда жауын-шашын болмайды
Фото: Константин Шелков

Күндіз аздап жел соғады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің хабарлауынша, еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз. Еліміздің оңтүстік-шығысында, солтүстік-шығысында, шығысында, шеткі батысында, орталығында қысқа жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін.

Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында түнде және таңертең найзағай күтіледі, солтүстіктен жел соғады, желдің жылдамдығы 18 м/с жетеді. Бұлт шығуы болжамдалды. Алайда жауын-шашын болмайды.

Түнгі температура +6...+11°C, күндіз +18...+23°C. Желдің жылдамдығы: 7-12 м/с.