Павлодарлық оқушылар волейболдан өткен турнирде жеңіске жетті
Жарысқа 11-12 жастағы балалар қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының мәлімдеуінше, Өскеменде өткен волейболдан ашық жазғы турнир Мұрат Есімбаевты еске алуға арналған.
Жеңіс үшін сегіз команда бақ сынады. Соңғы ойында олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері алаң иелерін жеңіп, бірінші орынды иеленді.
Ведомство бұл жарыстың біздің спортшыларымыз үшін республика чемпионаты алдындағы бой жазу ойыны болғанын атап өтті.