Павлодарда жаяу жүргіншіге жол бермеген көлік жүргізушісі жазаланды
Осындай заңбұзушылықтарға қатысты 2000-ға жуық оқиға тіркелген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Естай көшесі бойында көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілерге жол бермеген. Патрульдік полиция батальонының инспекторы «Toyota Camry» маркалы автокөліктің жүргізушісін анықтады.
– Жүргізушіге қатысты жол жүру ережелерінің талаптарын орындамағаны үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік іс қозғалды, – дейді департаментте.
Айта кету керек, биылғы жылдың басынан бастап полицейлер жаяу жүргіншілерге жол бермеген 2308 жүргізушіні жазалаған.