Павлодарда жазда қанша көпқабатты үй ыстық сусыз қалады

Павлодарда жазда қанша көпқабатты үй ыстық сусыз қалады
Фото ашық дереккөзден

Облыс орталығында ыстық суға кеш қосылатын үйлердің тізімі жарияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Павлодар қаласы тұрғын-үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі мәлімдеді.

- Ыстық судан ажырату бірінші кезектегі орамішілік желілерді қайта жаңартумен байланысты. Ұзақ мерзімді үзіліске түскендер тізімінде 51 үй бар, - делінген хабарламада. 

Бұл көпқабатты үйлерге ыстық су 25 тамызда беріледі.

Мына сілтеме арқылы үйлер тізімін көруге болады.